- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысы тұрғыны...
Алматы облысы тұрғыны жылқыларын мал өлекселері мен шошқалардың арасында бір қорада ұстаған
Қарасай ауданына қарасты Қырғауылды ауылының тұрғындары Бірлік көшесіндегі жағымсыз иіске шағымданып, тірі мал өлекселермен бірге бір қорада тұрғанына алаңдаушылық білдірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елді мекенді жағымсыз иіс басып кеткен. Оқиғаның видеолары әлеуметтік желілерде тарап кетті. Видеода қорада жылқы, шошқа аралас жатқаны көрінеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Тұрғындардың наразылығын ескерген жергілікті әкімдік, аудандық полиция және аудандық ветстанция жағдайды бақылауға алды. Жергіліктің халықтың шағымы бойынша Қарасай ауданы әкімінің орынбасары жануарлардың иесімен әңгімелесті. Нәтижесінде шошқалар мен жылқыларды сату туралы келісімге келді", - деп жазылған хабарламада.
Аудандық әкімдіктің ресми дерегіне сүйенсек, 4 мамырдан бастап "Актава" қожалығына тіркелмеген 26 шошқаны уақытша орналастыру туралы келісім жасалған. Жануарлар ветеринариялық тексеруден және карантиннен өткізіледі.
"Жылқыларды сағат 12.00-ден бастап тасымалдау жоспарланған. Қазіргі таңда жағдай ауылдық округ әкімінің, полиция мен ветстанцияның бақылауында", - деді әкімдік өкілдері.
Сондай-ақ, жануарлардың иесіне бұған дейін айыппұл салынғаны белгілі болды.
"Жануарлардың иесі - Қырғауылды ауылының тұрғыны Алексей есімді азамат. Бұл отбасы осындай жағдайға қатысты 2022 жылы айыппұл арқалаған. 2023 жылы 10 жануарды ветеринарлық станцияға тіркеткен. Бүгінгі жағдай біздің мекеменің бақылауында. Қорада механикалық және бірнеше дизенфекциялық тазарту жұмыстары жүргізіледі", - деп мәлімдеді Қарасай аудандық ветстанцияның өкілі.
Ал Райымбек ауылдық округінің әкімдігі жануарлардың иесі санитариялық талапқа бағынбай келе жатқанына 10 жылдан асқанын мәлімдеді. Тұрғын арасында айыппұл төлеген.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова