Алматы облысы Қарасай ауданы Кемертоған ауылының тұрғындары су проблемасы салдарынан наразылық акциясына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Тұрғындардың айтуынша, бұл мәселе бұрыннан бар. Олардың сөзінше, мердігер ұйым суды кестедегі уақытпен береді.
Қарасай ауданы әкімдігі өкілі бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.
"Халықтың талабы - бұл ұйымды басқа ұйымға ауыстыру, себебі қазір бұл ұйым суды кесте бойынша береді.
ЖШС басшылығы су берудегі іркіліс жаз кезінде суды көп мөлшерде тұтынуға байланысты екенін айтты, осыған орай суды толық бере алмайды, тек кесте бойынша ішінара, күн сайын бірнеше сағатқа сөндіреді. Мұны тұрғындарға Іргелі ауылдық округі әкімінің орынбасары А. Терлікбаев түсіндірді", - деді аудан әкімдігі өкілдері.