Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 18 қазандағы бұйрығымен Алматы облысы прокурорының орынбасары Саян Бакиров пен Талғар ауданының прокуроры Ескендір Бекманов атқаратын лауазымдарынан босатылды.
Қылмыстық процесте заңдылықты қадағалау бойынша жұмыста елеулі кемшіліктердің болуы негіз болған.
Саян Бакиров 2022 жылдың шілдесінен бері Алматы облысы прокурорының орынбасары болған. Ол 1976 жылы 16 мамырда Алматы облысында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын – "бизнес-әкімшілік", Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін "саясаттану" мамандығы бойынша бітірген. Алматы, Алматы, Атырау облыстарының прокуратураларында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
Ескендір Бекманов 2022 жылдың тамыз айынан бері Талғар ауданының прокуроры қызметін атқарған. 1976 жылы 9 қыркүйекте Қарағанды қаласында дүниеге келген. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітірген. Алматы облысының прокуратурасында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!