Алматы облысының прокуроры лауазымы бос. Бұл туралы Бас прокуратура өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"Қазақстан Республикасы бас прокурорының 2022 жылғы 19 сәуірдегі бұйрығына сәйкес, Азамат Сембайұлы Жылқыбаев өз өтініші бойынша Алматы облысының прокуроры қызметінен босатылды.
Қазір Алматы облысының прокуроры орны бос тұр", - деді Бас прокуратураның баспасөз қызметі өкілі.
Азамат Жылқыбаев 2017 жылдың ақпанынан бері Алматы облысының прокуроры болып жұмыс істеген. 2013-2017 жылдары Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары болған.