Алматы облысы Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Алматы облысы Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Фото: polisia.kz

Алматы облысы Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"ҚР Президенті әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен Мейрам Әбікеев облыстық полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болып Бағдат Әшімов тағайындалды. Жедел кеңестің қорытындысы бойынша министр нақты тапсырмалар берді.

ІІМ басшысы Талғар ауданындағы кәмелетке толмаған жасөспірімнің өліміне қатысты тергеу барысы туралы жедел-тергеу тобын жеке тыңдады. Қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Әбікеев туралы не белгілі?

1994 жылы ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген; 2006 жылы Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды заң институтын тәмамдаған. Қызметін 1989 жылы Қарағанды қаласы Киров аудандық атқарушы комитетінің ішкі істер бөлімі жанындағы ІІБ-де милицияның моторландырылған взводында милиционер болып бастаған. Ішкі істер министрлігінде бірқатар қызмет атқарған.

  • 2022 жылғы шілде - 2024 жылғы мамыр - Алматы облысы ПД бастығының бірінші орынбасары болды;
  • 2024 жылғы мамырдан бастап СҚО полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Бұған дейін кім болды?

Бұған дейін бұл лауазымды Бауыржан Әленов атқарған. 7 қазанда ол Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова