Кемертоған ауылындағы орта мектеп баспалдағында орын алған оқушылардың кептелісі әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Мектептің инфрақұрылымы оқушы санына сай болмағандықтан, мұндай мәселелер жиі туындайтын көрінеді. Десе де, мектеп ұжымы мұндай оқиғаның жиі болмайтынын алдыға тартады. Істің мән-жайын Massaget.kz тілшісі анықтауға тырысты.
Желіде тараған бейнежазбада оқушылар баспалдаққа сыймай, бірінің үстіне бірі мінердей болып, у-шу болып жатқанын көруге болады.
© Суретте: Кемертоған орта мектебі / Нұрбол Ынтымақұлы
Мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары Анар Абдулбариевна бұл жағдайдың 24 қыркүйекте, журналистер келген күні болғанын айтты. Оның айтуынша, басты есік жабылып қалғандықтан, балаларды қосымша есіктен шығаруға тура келген.
Еске сала кетейік, Алматы облысында жасөспірім қыздар құрдасына қысым көрсетіп, ақша бопсалаған. Қыздың анасы журналистерді шақырып, мәселені білсе де үндемей жүрген мектеп ұжымын сынға алған еді.
© Суретте: Халида Абдулбариевна / Нұрбол Ынтымақұлы
"Оқиға сол күні журналистердің басты есікті жауып қоюынан болды. Балаларды қосымша есіктер арқылы шығардық, кезекші мұғалімдер жағдайды бақылауға тырысты. Дегенмен, мектепте 6000-ға жуық бала оқиды, ал үш қана есік бар. Кейде осындай кептелістер болуы мүмкін", - дейді Халида Абдулбариевна.
Бірақ зерттей келе бейнежазбаның түпнұсқасы 24 қыркүйекте емес, 20 қыркүйекте түсірілгенін анықтадық. Оқушылардың айтуынша, бұндай жағдай әсіресе екінші ауысым келген кезде жиі орын алады екен.
© Суретте: Түпнұсқа бейне / Нұрбол Ынтымақұлы
"Бірінші және үшінші ауысымда бұндай қиындық жоқ. Бірақ екінші аусымда жиі болып тұрады", - дейді оқушылардың бірі Көркем.
Мектеп мұғалімдері бұл мәселені бақылауға алуға тырысып жүргендерін айтады. Үш есік пен асхананы жалпы саны 9-10 кезекші қадағалайды. Дегенмен, кептеліс мектептің шамадан тыс жүктемесін көрсетеді.
© Суретте: Анар Нұрбақытқызы / Нұрбол Ынтымақұлы
"Мектепте бастауышқа бөлек, орта буынға бөлек кіріп-шығатын есіктер бар. Әр есік алдында кезекшілер бар. Мектепте бала саны көп болғаныдықтан, қадағаламасқа болмайды. Кезекшілер бірінші балаға мектепке келгеннен бастап, соңғы бала үйіне қайтқанға дейін осында жүреді. Сондықтан бәрі бақылауда, - дейді әлеуметтік педагог Анар Нұрбақытқызы.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!