Алматы облысы білім басқармасының бұрынғы басшысы Майгүл Омароваға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарлауынша, 21 ақпан 2023 жылы аса ірі мөлшерде пара алу, пара беру және алаяқтық қылмыстыры бойынша сотқа берілген Алматы облыстық білім саласындағы төрт лауазымды тұлғаға қатысты қылмыстық іс қаралды. (ҚР ҚК-нің 366-бабы, 4-бөлігі, 367-бабы 4-бөлігі, 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы)
Сотқа белгілі болғаны:
2020 жылдың тамыз және қараша айлары аралығында басқарма бастығы О. лауазымды тұлға бола тұра, пайдакүнемдік мақсатта әрекет етіп, адамдар тобында алдын ала мемлекеттік функцияларды іске асыруға уәкілетті А.-мен сөз байласып, өздерінің қызметтік уәкілдіктеріне кіретін әрекеттерді пара берушілердің пайдасына іске асырып бір көзден мемлекеттік сатып алу шартының сомасының 10 пайызы көлемінде пара алу мақсатында А.- дайындаған М.-мен Н.- ға бағынышты ЖК-мен Алматы облысының білім беру мекемелеріне қашықтықта оқытуға арналған ноутбуктерді сатып алу туралы осы келісімшартқа қол қойған.
Осыдан кейін Н. және М. өздерінің алаяқтық жолымен бюджетке тиесілі қаражатты жымқыру қылмыстық жоспарларын іске асырып, аталған ноутбуктерге лицензияланбаған «Microsoft Windows» бағдарламасын ақша қаражаты шығынынсыз интернет желісінен жүктеу арқылы өздері орнатқан.
Кінәлілердің қылмыстық әрекеттері салдарынан мемлекетке 122 996 086 теңге көлемінде аса ірі залал келтірілген.
Тараптардың пікірі:
Мемлекеттік айыптаушы сотталушыларды кінәлі деп танып О., М. және Н.-ға 14 жыл, А.-ға 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сот шешімі:
Жасалған қылмыстар үшін заңмен 10-нан 15 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Жаза тағайындау кезінде сот қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән жайларды – А. мен Н.-де жас балаларының барын ескерген.
ҚР ҚК-нің 54-бабына сай қылмыстық жауапкершілік пен жазаны ауырлататын мән жайларға сот О. мен А.-ның кәсіби антын бұзғандарын жатқызды.
Сот үкімімен О. мен А. ҚК-нің 366-б. 4-б. кінәлі деп танылды, оларға осы баппен мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
М. және Н. ҚК-нің 367- б. 4- б, 190- б. 4- б. 2-т. кінәлі деп осы баптармен оларға түпкілікті мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!