Әсет Масабаев Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Алматы облысы әкімінің өкімімен Әсет Дүйсебекұлы Масабаев 2025 жылғы 23 қаңтарынан бастап Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген өңір әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Әсет Масабаев - 1985 жылы туылған, білімі жоғары, 2008 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын "Электрэнергетикалық жүйелер және тораптар" мамандығы бойынша, 2014 жылы Экономика және құқық академиясын "Қаржы" мамандығы, Ресей халықтар достығы университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы "Алматы электр станциялары" АҚ-ның электромонтеры болып бастаған.
Әр жылдары "Наз" ЖШС-ның бас энергетигі, "Алмаз және КЮС" ЖШС техникалық директоры, Алматы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының жетекші маманы, бөлім басшысы, Алматының Жетісу және Медеу ауданы әкімдерінің орынбасары, Алматы әкімі аппаратының бас инспекторы, Алматының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, Алматының энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы, Алматының Медеу ауданы әкімі, Талдықорған әкімі лауазымдарында қызмет атқарған.
2024 жылдың 16 тамызынан бастап бүгінге дейін Ulken Group LTD жеке компаниясының басқарушы директоры лауазымында қызмет етті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!