- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысы әкімінің...
Алматы облысы әкімінің Жамбыл ауданына жұмыс сапары кезінде бірқатар мәселе шешілді
Жамбыл - Алматы облысындағы ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптік әлеуеті біртіндеп артып келе жатқан ірі ауданның бірі. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің Жамбыл ауданы бойынша жұмыс сапары барысында, сондай-ақ, ауданның туристік әлеуеті зор екенін де атап өтті.
Аудандағы Baqsy сауықтыру орталығы бүгінгі күні балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда үлкен әлеуетке ие. Ол - Қарғалы ауылының табиғаты көркем жайлы аумағында орналасқан. Жазда мұнда балалар лагері, ал қыста – халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды емдеуге, денсаулығын нығайтуға болатын санаторий жұмыс істейді. Облыс әкімінің аумақ бойынша экскурсия жасау сапарында, лагерьдің демалыс бөлмелері, емдеу кабинеттері, бассейн, мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған жабық алаңдар көрсетілді. Биылғы жаздың маусымында мұнда 1 500 бала демалып, сауықты.
Ұзынағаш ауылында музыка мен биді дамыту бойынша дарынды балалармен сабақ өткізуге жағдайдың толық болмауына қарамастан, ауылдағы Өнер мектебі нағыз таланттар ұстасы болып отыр. Мұнда мыңға жуық оқушыға сабақты өз ісінің нағыз шеберлері береді. Облыс әкімі жаңа ғимарат салу мәселесін қарастыруға уәде берді, оған жобасы да әзірленген.
Облыс әкімінің аудан тұрғындарымен кездесуі барысында көптеген мәселе айтылып, олардың шешіліп жатқандығын біз өңір бойынша жұмыс сапары кезінде көрдік.
Материалды Алматы облысының әкімдігі ұсынған
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан