- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы облысы әкімдігі...
Алматы облысы әкімдігі 280 млн теңгеге 10 люкс көлік сатып алғаны туралы ақпарат тарады
Әлеуметтік желіде Алматы облысы әкімдігі қыруар ақшаға люкс сападағы қытайлық 10 көлік сатып алғаны туралы ақпарат тарады. Massaget.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне ресми жауап алу үшін жүгінді.
Желіде тараған ақпаратта көліктер қолданыста екені де айтылады.
"Алматы облысы әкімдігі халықтың 280 миллион теңгесіне "TANK 500" атты қытайлық 10 люкс көлік сатып алған. Автокөліктер жеткізілген. Халықтың орнына өздерінің қамын ойлап, жағдай жасап жатыр", - деп жазылған egov.press Telegram-арнасында.
Алматы облысы әкімдігі өкілі бұл көліктер өңірдің ерекшелігіне байланысты сатып алынғанын мәлімдеді.
"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес отандық тауар өндірушілер арасында ашық конкурс арқылы 10 көлік сатып алынды. Бұл ақпарат мемлекеттік сатып алу веб-порталында қолжетімді. Алматы облысындағы таулы жерлер мен жолсыз жерлерді, сондай-ақ, елді мекендер арасындағы қашықты ескере отырып, оңтайлы "жол талғамайтын көлік" таңдалды. Сатып алынған автокөлік құралдары Алматы облысының мемлекеттік органдары арасында бөлінді", - деп жазылған Алматы облысы әкімдігінің баспасөз хатшысының жауабында.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова