Сарапшылар Алматының Олимпиада өткізу құқығын иелене алмай, Бейжіңнен жеңіліп қалу себептерін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі NUR.KZ ақпараттық порталына сілтеме жасай отырып.
«Қазір бірдеңе деу қиын. Мен Куала-Лумпурде делегация құрамындамын. Мұнда бәрінің көңіл-күйі жоқ. Шыны керек, үлкен жұмыс атқарылды, көптеген адамдар еңбек етті, Алматы әкімі де, премьер-министр де осында. Алайда, спортта үнемі осылай болады. Жеңімпаз да біреу, бірінші орын да жалқы. Кейде ұтасың, кейде ұтыласың. Енді келесі өтінімді беру үшін жақсылап дайындалуымыз керек», – дейді 1994 жылғы Олимпиада чемпионы Владимир Смирнов. Алайда Қытайдың ұтып кетуіне аталған мемлекеттің экономикасы мен индустриясы мықты, әлемдегі көшбасшы ел болуы әсер етті.
«Олимпиаданы неліктен Алматы емес, Бейжің өткізеді? Өйткені, Олимпиада өткізу үшін көптеген фактор әсер етеді. Экономикалық-саяси жағдайлар, спорттық әлеует те бар. Біздің таныстырылым өте жоғары деңгейде өтті. Алматыда өтсе, ойындардың өте ыңғайлы және жинақы болатыны айтылды. Алайда Қытайдың ұтып кетуіне аталған мемлекеттің экономикасы мен индустриясы мықты, әлемдегі көшбасшы ел болуы әсер етті. Міне, Қытайдың басымдығы осында. Ал спорттық тұрғыдан біз жақсы көріндік. Мұны әлемдік сарапшылар да атап өтті. Қайталап айтамын, Алматы Бейжіңнен әлдеқайда жоғары болды. Тек бұл жерде қаржылық жағдай көп нәрсені шешіп кетті», – дейді ол.
Ал Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті Павел Новиков таныстырылым кезінде Бейжің Алматыға қарағанда сенімдірек болды деген пікірде.
«Бұл мамандар шешіміне әсер етті. Қытайлықтардың қала туралы бейнеролигін қараған соң-ақ, мен біздің ұтылатынымызды білдім. Әрине, шығынның аз кетіп, ойынның жинақы өтуі Алматының артықшылығы. Бірақ мұндай ірі ойындардың астанасы таңдалған кезде, шамамен 22 фактор есепке алынады. Қытайлықтардың қала туралы бейнролигін қараған соң-ақ, мен біздің ұтылатынымызды білдім», – дейді Новиков.
Осы аралықта премьер-министр Кәрім Мәсімов Алматыға болашақта тағы да жаңа өтінім беруі мүмкін екенін айтты.
«Бұл қайтадан ойындарды өткізуге өтінім беру үшін жақсы тәжірибе әрі мүмкіндік болды”, – дейді Мәсімов.