• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Алматы, Наурыз және мұзды бассейн: Red Bull Jump & Freeze көктемнің ең тосын дәстүріне қалай айналды?

Алматы, Наурыз және мұзды бассейн: Red Bull Jump & Freeze көктемнің ең тосын дәстүріне қалай айналды?
Фото: Виктор Магдеев

Спойлер: биыл Шымбұлақтағы бассейнге анимедегі "Going Merry", ескегі бар рафт және шаңғыдағы бар секірді

22 наурыз - Наурыз мейрамының қызған шағы. Қазақстанның түкпір-түкпірінде бауырсақ пісіп, наурыз-көже қайнап жатқанда, Шымбұлақтың баурайында мүлде басқа ритуал өтіп жатты: мұздай суға, бетке ұстар костюммен, қолдан жасалған құрылғымен - және, әрине, мыңдаған көрерменнің қошеметімен секіру.

Red Bull Jump & Freeze 2025 - бұл креатив, абсурд пен өзін-өзі әжуалаудың тоғысқан жері. Алматыда дәл осындай "ақымақтыққа" толы көңілділік жетпей тұрған сияқты еді - енді бәрі орнында.

Қар үстіндегі рафтинг, суперқаһармандар және мұздай ванна - бұл түс емес, бұл Алматы

Жарысқа 20 команда және 5 жеке қатысушы шықты. Арасында - шынайы рафтинг инструкторлары бар Raft Service командасы. Олар сары түсті қайықпен бассейнге қойып кетті. Кейін "Су Чилик шатқалынан да суық екен" деп қалжыңдап шықты.

Сол жерде Gong Merry командасы One Piece әлемінен шабыттанған кемесімен көрермендерді таңғалдырды.

Трассада не болмады дейсің: тікұшақ, ядролық зымыран, суға секіруге "рұқсат қағазын" өзі жазып берген дәрігер... Бір қатысушы бақа кейпіндегі костюммен сальто жасап, Олимпиада стилінде бассейнге түсті - тек спорттық аяқ киіммен.

Мағынасыз? Дәл сол мағынада!

Ресми түрде бұл - ең креативті, ең ерекше костюм мен секіру үшін болатын жарыс. Бірақ бейресми түрде - бұл "жынды" болуға рұқсат.

Мұнда жеңіс маңызды емес. Маңыздысы - жүрекпен жасау. Бір команда ұшақ етіп жасалған құрылғысын соңғы сәтте қолмен итеріп жіберді.

Бір қатысушы айтқандай: "Құрылғымызды 12 сағат жасадық. Ол 12 секундта быт-шыт болды. Бірақ ол менің өмірімдегі ең керемет 12 секунд еді!"

Көктем адреналинмен басталса

Қазақстандағы Наурыз - бұл жаңару белгісі. Ал жаңарудың нақты символы - бассейнге секіріп, бәрін қайта бастау шығар. Red Bull Jump & Freeze енді Алматының жаңа дәстүріне айналды: күлкі, айқай, селфи, кастрюльмен ұрғылап қолдау көрсеткен көрермендер.

Кейбіреулер бүкіл отбасымен келді. Біреулер Шымбұлаққа тұңғыш рет келіп, тек "ТӨРЕ" деп жазылған халаттағы жігіттің зымыранмен бассейнге қалай секіргенін көру үшін келді. Иә, бұл - шынайы оқиға.

Алматы = энергия + юмор + драйв

Қар жамылған тау бөктерінде, диджейдің тректерінің астында, жүздеген камералардың алдында, Алматы өзін шығармашыл, батыл және сәл есі ауысқан қала ретінде көрсетті - біз бәріміз сүйетін бейнеде.

Бұл кәдімгі "дәстүрлі" Наурыз емес, бірақ бұл - еркіндік, өзіндік стиль және өмір сүруге деген махаббат туралы.

Суреттер: Виктор Магдеев

Red Bull Jump & Freeze фотохикаясы төменде. Ал егер келесі жылы қатысқың келсе - дәл қазір костюм ойластыра баста. Себебі Шымбұлақта скучный идеялар қабылданбайды.

Серіктестік материал

Massaget.kz
Logotype Massaget