Алматы метрополитені қос функциялы жаңа қоршауларды сынақтан өткізіп жатыр. Бұған дейін метродағы темір қоршаулар сынға қалған еді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Метрополитен мәліметіне сүйенсек, "Райымбек батыр" бекетінде метрополитеннің заманауи қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетін жаңа уақытша қоршаулар орнатылған. Олар екі негізгі қызмет атқарады: қорғаныс құралы және жарнамалық құрылым ретінде пайдаланылмақ.
Алматы метрополитені
Қазір бұл қоршаулардың желге төзімділігі тексеріліп жатқаны белгілі болды. Барлық қажет сынақтан өткеннен кейін осындай қоршаулар басқа бекеттерге де орнатылмақ. Сонымен қатар метрополитен өкілдері бұрын орнатылған темір қоршаулар да тексеріліп жатқанын, қажет болған жағдайда олар алынатынын мәлімдеді.
"Барлық жұмыс кәсіпорынның өз қаражаты есебінен, бюджет қаражатынсыз жүзеге асырылып жатыр", - деді метрополитеннің баспасөз қызметі өкілі.
Алматы метросындағы қайғылы оқиға
Еске салайық, 2024 жылы 10 желтоқсанда Алматыдағы метрода бір адам рельске түсіп, қайтыс болды. Кейін "Абай" бекеті уақытша жабылды. Куәгер метродағы қайғылы жағдай туралы айтты.
Мәжіліс депутаты Кенжеғұл Сейтжан Алматыдағы метро бекетінде болған қайғылы оқиға туралы айтып, жағдай жасалмағанын жеткізді.
2025 жылы Алматыда метро бекетіндегі қайғылы оқиғадан кейін қоршаулар қойыла бастады.
Кейінірек бұл қоршаулар әлеуметтік желіде жұрттың сынына қалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова