Алматы метросында оқ-дәрі тасымалдаған жолаушы ұсталды

Алматы метросында оқ-дәрі тасымалдаған жолаушы ұсталды
Фото: Massaget.kz/Болат Айтмолда

Алматы метросында жолаушының сөмкесінен оқ-дәрі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция департаменті мәліметінше, Алатау станциясында жолаушының сөмкесін тексеру кезінде 5,45 миллиметр калибрлі екі оқ-дәрі анықталған.

"Көлік қауіпсіздігі қызметімен бірлесіп, рентген құрылғысы арқылы жүргізілген тексеріс барысында сөмкеден екі патрон тәркіленді. Жолаушы ұсталып, процессуалдық шешім қабылдау үшін Бостандық ауданының полиция қызметкерлеріне тапсырылды", - деп жазылған хабарламада.

Бұл дерек бойынша тергеу басталған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget