Алматы метросында күмәнді зат анықталды (видео)

Алматы метросында кәмелетке толмаған жолаушыдан үш оқ табылды. Алматы Полиция департаменті өкілдері оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, "Райымбек батыр" метро бекетінде метрополитендегі полиция басқармасының қызметкерлері тексеріс барысында қаладағы колледждердің бірінің студентін ұстаған.

"Жеке тінту кезінде одан Калашников автоматына тиесілі болуы мүмкін үш оқ табылды. Оқиға орнына Жетісу аудандық полиция басқармасының жедел тергеу тобы келді. Табылған оқ-дәрілер тәркіленіп, тиісті сараптамаға жолданды", - деді полиция.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқ-дәрілер қайдан шыққанын және оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!