Алматы метросында жоспарлы жұмыстар жүргізіледі

Алматы метросында жоспарлы жұмыстар жүргізіледі
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Алматы метросында жоспарлы жұмыстар жүргізіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

21 қыркүйекке қараған түні Алмалы бекетінен Абай бекетіне дейінгі аралықтағы рельс ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіледі.

Осыған байланысты, 21 қыркүйек күні метро бекеттері өз жұмысын сағат 07:00-ден кейін бастайды.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Мұндай жұмыстары пойыздардың жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина