Алматы метросында ер адам қызға тиіскен. Алматы Полиция департаменті өкілдері оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Threads желісінде метрода белгісіз ер адам өзіне тиіскенін айтқан қыздың жазбасы пайда болды. Жазба авторының айтуынша, оқиға таңғы сағат 8:30 шамасында "Алатау" метро бекетінде болған.
Ол өзіне белгісіз адам тиіскенін және күдікті қашып бара жатқанын көрген куәгерлер барын да жазды.
Осы жазбадан кейін Метрополитендегі полиция басқармасының қызметкерлері бірден тексеріс жұмыстарын бастаған.
"Жүргізілген жедел іс-шаралар барысында күдікті анықталды. Ер адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Жиналған материалдар сотқа жолданды. Ол сот шешімімен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды", - деп жазылған хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!