Алматыдағы Райымбек метро бекетінде тексеріс кезінде жігіт қауіпсіздік қызметінің қызметкеріне сөмкесінде қауіпті зат бар екенін айтып, жалған мәлімдеме жасаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақпарат бірден полицияға жеткізілген. Оқиға орнына құқық қорғау органдарының қызметкерлері келіп, аумақты толық тексерген. Тексеріс барысында ешқандай қауіпті немесе тыйым салынған заттар табылмаған.
Кейін 22 жастағы Алматы тұрғыны мұны әзіл ретінде айтқанын мойындаған.
"Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі сотының қаулысымен ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды", - деді Алматы ПД өкілі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!