- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы метросы қауіпсіздік...
Алматы метросы қауіпсіздік шараларын күшейтті
Метроның барлық станцияларына қауіпті заттарды анықтайтын рентген-телевизиялық құрылғы орнатылды. Мекеме басшылығы бұл қадамды әлемдегі соңғы оқиғалармен байланыстырып отыр.
Германияда жасалған рентген-телевиялық аппарат алып жүруге тиым салынған заттарды бірден анықтайды. Қазір Алматы метросында осындай 13 құрылғы жұмыс істеп тұр. Оларға қалалық бюджеттен 150 млн теңге жұмсалған. Қызметкерлердің айтуынша, әуелі күмәнді адамдардың сөмкелері тексеріледі. Бұл детектор «Тайфун» деп аталады. Әлемнің көптеген әуежайлары мен теміржолдарында қолданылады. Химиялық және жарылғыш заттар, есірткі, ұзын саны 40-қа жуық тиым салынған затты 10 секундтың ішінде исінен-ақ анықтайды.
Бақытжан Баржаубаев, қала тұрғыны: - Ертерек қамданған жақсы ғой. Артынан өкінгеннен гөрі. Қауіпсіздік ешқандай уақытты алмайды. Сақтанғамыз дұрыс. Жалпы Алматы метрополитенінде 29 қауіпсіздік жүйесі енгізілген. Аталған аппараттардан өзге бейнекамералардың да пайдасы мол. Жолаушы метроға кірген сәттен бастап, келесі станциядан шыққанға дейін үнемі бейнекамералардың бақылауында болады.
Дереккөз: 24.kz
Е. Жұмабайұлы