- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы мен Шымкенттің...
Алматы мен Шымкенттің із-түзсіз жоғалып кеткен екі тұрғыны өлі табылды
Алматы мен Шымкенттің із-түзсіз жоғалып кеткен тұрғындары өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өлімінің мән-жайы анықталмаған. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында бөлісті.
Алматыда 27 маусымда 2007 жылы туған Ешмұхамбет Нұралы Жайықұлы жоғалып кетті. Ол сағат 22.00 шамасында Алатау ауданы, Ұлжан-1 ықшамауданы, Сарыбастау көшесі 36 мекенжайы бойынша үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған.
14 шілдеде жоғалған ер адамның көз жұмғаны белгілі болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Алтынбаев Фархат Қадырбаевич, 1991 жылы туған, 2022 жылғы 27 сәуірде жоғалып кеткен. Сағат 6:30 шамасында Игілік шағынауданы, Іркөл көшесі мекенжайындағы үйден шығып кеткен. Ер адам белгісіз бағытқа кетіп, жоғалып кеткен. Хабар-ошарсыз кеткен бірінші топтағы мүгедектің бағдары бұзылғаны нақтыланды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек