Алматы мен Шымкент тұрғындарына ескерту жасалды

Алматы мен Шымкент тұрғындарына ескерту жасалды
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Қазгидромет Алматы және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"20 мамырда Астана, Шымкент, Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады", - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. 

Еске салайық, бұған дейін Қазгидромет 20, 21 және 22 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget