Алматы мен Шымкент тұрғындарына ескерту жасалды

Қазгидромет Алматы және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"16 мамырда Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Балқаш, Шымкент, Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ауа ластанады", - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. 

Еске салайық, бұған дейін 15, 16 және 17 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!