- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы мен Нұр-Сұлтан...
Алматы мен Нұр-Сұлтан әлемдік қаржы орталықтары индексінде нешінші орында?
Британиялық Z/Yen Group аналитикалық компаниясы сайтында "Қаржы орталықтарының әлемдік индексі" (The Global Financial Centres Index) жарияланды. Алматы қаласы 104 орталық ішінде 98-ші, Нұр-Сұлтан (Астана) 51-ші орынға ие болған.
Бұл индекс 2007 жылдан бері жасалып келеді және әр жарты жыл сайын жаңартылып отырады. Ол бизнес ахуалы, қаржы, инфраструктура, адам капиталы мен репутация деген бес категория негізінде жасалады. Рейтингтің лидері – Нью-Йорк (790 ұпай), екінші орында Лондон (773 ұпай), үштікті қорытындылаған – Гонг Конг (771 ұпай).
Алматы қаласы жарты жыл бұрынғы индекске қарағанда екі саты жоғарылағанымен, 12 ұпай жоғалтқан, ал Нұр-Сұлтан 17 ұпай қосып, өз позициясын сақтап қалған.