Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек Будапешт қаласы мэрінің орынбасары Габор Багди басқарған делегацияны қабылдады. Тараптар сауда-экономикалық және мәдени- гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады, - деп хабарлады Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Б.Байбек кездесу барысында үстіміздегі жылдың 10 айы ішінде Алматы мен Венгрия арасындағы тауар айналымының 2015 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 20% -ға артып, 45,2 млн. АҚШ долларын құрағанын айтты. Мегаполис басшысы Алматы үшін Будапештің қоғамдық көлік жұмысын жақсарту, қалдықтарды утилизациялау мен су ресурстарын пайдалану жөніндегі тәжірибесі тартымды екенін жеткізді.
Өз кезегінде Г.Багди Будапешт мэрінің атынан Алматы әкімін Венгрия астанасына шақырды және тұрақты даму саласының шешімдерімен жеке өзінің танысып шығуын өтінді.
«Мен Алматыда алғаш рет болуым, қаланың сұлулығына тәнтімін. Өндіріс саласы, азық- түлік тауарларымен, студенттермен алмасу және туризм бойынша біздің қалаларымыздың әлеуеті жоғары екендігіне сенімдімін. Оның үстіне Венгрия азамматтары мұнда 15 күн бойына визасыз жүре алады», - деді Г.Багди.
Венгрия тарапына «Инновациялық технологиялар паркінің» арнайы аймағында болу мүкіндігі ұсынылды, мұнда қазірдің өзінде 150 компания жұмыс істеуде, ал Алатау ауданындағы Индустриалды аймақта 33 компания ашылды, олардың төрттен бірі шетелдіктердің қатысуымен жұмыстарын жүргізіп жатыр.