Синоптиктер алдағы үш күнде Астана, Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
27 қыркүйекте Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз аздап жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 11-13 градус жылы.
28 қыркүйекте көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 16-18 градус жылы.
29 қыркүйекте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын жел екпіні секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус жылы, күндіз 17-19 градус жылы.
27 қыркүйекте Алматыда көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 12-14 градус жылы.
28 қыркүйекте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 15-17 градус жылы.
29 қыркүйекте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 17-19 градус жылы.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!