Алматы мен Астанада алдағы күндері аптап ыстық болады

Алматы мен Астанада алдағы күндері аптап ыстық болады
Фото: Midjourney

Синоптиктер 15-17 шілде аралығында Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астанадағы ауа райы болжамы

15 шілде - Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде солтүстік-батыстан соғатын жел 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +10...+12, күндіз +23...+25 градус.

16 шілде - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +28...+30 градус.

17 шілде - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан, жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +30...+32 градус.

Алматыдағы ауа райы болжамы

15 шілде - Алматыда көшпелі бұлт шығады, кешке қарай қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +32...+34 градус.

16 шілде - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с, кейде екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +23...+25, күндіз қатты ыстық - +33...+35 градус.

17 шілде - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +21...+23, күндіз қатты ыстық - +35...+37 градус.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан
Logotype Massaget