Алматы мен Астана тұрғындарына ескерту жасалды

Қазгидромет Алматы және тағы бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"11 тамызда Павлодар, Алматы қалаларында, түнде Атырау, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай болады", - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!