Алматы мен Алматы облысында қылмыстық топтың 11 мүшесі ұсталды (видео)

Алматы мен Алматы облысында қылмыстық топтың 11 мүшесі ұсталды (видео)
Фото: ІІМ

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында есірткіні интернет арқылы таратумен айналысқан интернет дүкеннің қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде қылмыстық топтың 11 қатысушысы, соның ішінде ұйымдастырушылар, операторлар ұсталған.

"Заңсыз айналымнан шамамен 3 келі синтетикалық есірткі, сондай-ақ, қылмыстық схеманы үйлестіру үшін пайдаланылған байланыс құралдары, банк карталары және цифрлық тасымалдағыштар тәркіленді. Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталды", - деп жазылған хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget