Алматы мектептеріне қатысты қорқынышты хабар тарады

Әлеуметтік желіде Алматыдағы оқу орындарына шабуыл жасалатыны туралы хабарламалар тарады. Бұл ақпаратқа полиция пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

Желіде тараған жазбада қару-жарақтың суреттері, қала мектептерінің тізімі көрсетілген. Тізімде ондаған оқу орнының нөмірі бар.

Полиция пікірі

Алматы Полиция департаменті бұл ақпарат жалған екенін мәлімдеді.

"Қазір қаладағы оқу орындарындағы жағдай толық бақылауда. Полиция мен өзге де жедел қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық шара қабылданып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Жалған ақпарат тарату дерегі бойынша жедел іздестіру шаралары басталған. 

"Оны таратқан адам заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады", - деп мәлімдеді Алматы ПД өкілі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!