"Алматы марафонда" жаңа рекорд тіркелді

"Алматы марафонда" жаңа рекорд тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы шара ұйымдастырушылары Instagram-парақшаларында хабарлады. 

"Достар, жаңа рекорд. Шедрак Коеч "Алматы марафонында" 42 шақырымда жаңа жол рекордын орнатты: 02:21:27. Жаңа рекорд үшін, жеңімпаз 100 000 теңге көлемінде бонустық ақшалай сыйлық алды. Біз барлық мәрешілерді құттықтаймыз, жеңімпазды жаңа жол рекордымен, ал сіздерге қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, кеше, 25 қыркүйекте Алматыда "Алматы марафон" өткен болатын. Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл жолы марафонға 12 мың адам қатысқан. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!