Алматы маңындағы тау өзеніне ер адам батып кетті

Фото: Видео кадры

Алматы маңындағы тау өзеніне ер адам батып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Оның денесін Республикалық жасақтың (ҚР ТЖМ РЖҚЖ) жедел-құтқару жасағы судан шығарды.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі РЖҚЖ мәліметінше, Алматы облысындағы Қаскелең шатқалында орналасқан Қаскелеңка өзенінің маңында 63 жастағы ер адам отбасымен және достарымен демалып жатқан. Суға түсуді ұйғарған адамды таулы өзеннің қатты ағысы алып кетті.

Кейінірек ер адамның денесі апат болған жерден бір шақырым жерде табылды.

Мәйіт полицияға тапсырылды.

Назар аударыңыз! Видеоны жүрегіне жақын қабылдайтын адамдарға қарау ұсынылмайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @roso_kazakhstan

РЖҚЖ тау өзендерінің жағасында демалу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды: 

1. Суға кірмеңіз.
2. Тас үстінде тұрмаңыз.
3. Өзен шетінен аулақ тұрыңыз.
4. Балаларыңызға сақ болыңыз.
5. Жауын кезінде өзен жағасында демалудан аулақ болыңыз.
6. Өз күшіңізді артық бағаламаңыз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек