- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы маңындағы көкнәр...
Алматы маңындағы көкнәр алқабын көлігімен таптаған BMW жүргізушісі анықталды
Жетісу облыстық полиция департаментінің қызметкерлері Алматы маңындағы көкнәр алқабында дрифт жасаған BMW жүргізушісін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп бұзған азамат 34 жастағы Кербұлақ ауданының тұрғыны болып шықты.
"Видеодағы BMW көлігінің иесі 34 жастағы Кербұлақ ауданының тұрғыны. Ер адам қазір іссапарда. Оралған соң ол қолданыстағы әкімшілік заңнамаға сәйкес жазаланады. Іс ерекше бақылауға алынды", - деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, мұның алдында әлеуметтік желіде BMW көлігінің жүргізушісінің гүл алқабында айналып жүрген видеосы тараған еді.
Видеоданың жазбасында оқиға Талдықорған-Қонаев тасжолы маңындағы Арқарлы асуы мен Шеңгелді ауылы арасындағы гүлдер алқабында болғаны айтылған.
"Мен оған ескерткен едім, ол "Өзгенің ісіне араласпа" деп жауап берді. Сосын мұның бәрін неге бүлдіріп жатқанын сұрадым. Ол "Қалағанымды істеймін" деді ме, сол сияқты бірдеңе деп жауап берді", - дейді видео авторы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан