Алматы қаласының маңында 20 мыңнан астам адам тұратын "Асыл Арман" тұрғын үй кешені бірнеше сағат бойы электр қуатынсыз қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Пәтерлер ғана емес, сонымен қатар 20 тоғыз қабатты тұрғын үйдің ыстық және суық су, жылумен қамтамасыз ететін қазандық пен су қабылдағышы толығымен ескертусіз сөндірілді. Ғаламтор мен телефон байланысы өшіп қалған.
"Лифт жұмыс істемейді, тоңазытқыш іске қосылмайды, интернет жоқ. Тіпті дәретханаға бара алмаймыз, өйткені су жоқ! Лифт жұмыс істемейді, 8 қабатқа көтеріле алмаймыз, аяғымыз ауырады. Қазір балабақшада да су жоқ, балалар аш отырады, дәретханаға қалыпты бара алмайды",- деді жергілікті тұрғындар Зәуре Баталова мен Анар Мұратова.
Белгілі болғандай, жеке электр жеткізушінің "Алматы Энергосбыт"АҚ алдындағы көп миллион долларлық қарызына байланысты жарық өшірілген.
"Асыл арман" тұрғын үй кешеніне 2016 жылдан бастап Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылдық округіндегі инженерлік электрмен жабдықтау желілері мен трансформаторлық станциялар жеке меншікке берілгені айтылды. Олардың деректері бойынша, Алматыдағы ірі "Асыл Арман" ТК жеке меншік иесі - "Beyazhtrans ЖШС-ге толықтай тәуелді. Ол тек "Асыл Арман" ғана емес, сонымен қатар Қаскелеңдегі "Алтын Ауыл" ТК және Қарасай ауданындағы басқа да абоненттерді электр қуатымен қамтамасыз етеді.
Алматы облысының әкімдігі электр энергиясының өшуі жеке жеткізушінің көп сомадағы қарызына байланысты болғанын растады.
"BeyAzh Trans ЖШС компаниясының "АЖК" алдында 300 миллион теңге сомаға берешегіне байланысты электр энергиясымен мәселе туындады", - деп хабарлады облыс әкімдігі.
Келіссөздерден кейін келісім жасалып, бірнеше сағаттан кейін электр қуаты қосылатынына сендірді.
"Асыл арман" тұрғындары мұндай қарыз бір тұрғын үй кешенінен болмайтынын айтып отыр. .
"Бұл кімнің міндеті екені белгісіз. Басқа елді мекендердің қарызы болуы да мүмкін. Бірақ олар келіп, "Асыл арманды" өшіреді. "Асыл Арман" үлкен, олар тұрғындардың шу шығаратынын біледі. Электр қуаты қосылғанымен, жағдай бірнеше айдан кейін қайталанады. Біз толығымен электр энергиясына тәуелдіміз-су қабылдау жұмыс істемейді, қазандық тоқтайды, жылу жоқ, байланыссыз және Интернетсіз қаламыз. Тұрғындарға өшірілетіні туралы хабарланбады, бүгін бізде 34 лифтте адамдар тұрып қалды. Кейбір адамдар бір сағатқа жуық көмек күтті, балалар мен қарттар болды. Біз бұл адамгершілікке жатпайды деп санаймыз. Біз "АЖК" - дан әрбір тұрғынмен жеке шот ашуды сұраймыз. Сол кезде мұндай жағдай болмайды", - дейді Асыл Арман ТК өкілі Серік Шағыров.
Облыс әкімдігінің қызметкерлері мұндай жағдайларды болдырмау үшін тек қарызы бар тұрғындармен жеке сөйлесетінін жеткізді.
Алайда тұрғындар олардың сөзіне сенбейді. "Асыл арман" тұрғындарының айтуынша, соңғы бес жыл ішінде осындай жағдай жылына бірнеше рет жүргізіліп келеді. Олар жеткізушіні ауыстыруды және инженерлік электр желілері мен трансформатор станцияларын коммуналдық меншікке қайтаруды талап етеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!