- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы маңындағы демалыс...
Алматы маңындағы демалыс орнында өрт шықты
Алматыда қала маңындағы демалыс орындарының бірінде өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері 16 шілдеде сағат 14:52-де Бостандық ауданының тау бөктерінде өрт шыққанын хабарлады.
Ведомство мәліметінше, Алматыда төтенше өрт қауіпті кезең жарияланғанына байланысты, таңғы сағат 8:30-дан бастап Алма-Арасан шатқалында таулардағы өрттерді ерте анықтау үшін өрт сөндіру қызметінің механикаландырылған күзеті қойылды. 2 бірлік техника, жеке құрамның 9 адамы жұмылдырылды.
"Осыған байланысты 17-ӨСБ өртсөндірушілері оқиға орнына 2 минуттан кейін келіп, 30 шаршы метр аумақтағы "Сұңқар" отбасылық демалыс орталығының аумағындағы үй-жайдың шатырын шарпыған жалынды анықтады. Жедел әрекет ететін өрт сөндіру автокөлігінің оқпандары дереу енгізілді. Өрт сағат 15:03-те оқшауланды. Қабылданған шаралармен өрттің ерте сатысында таралуына жол берілмеді", - деп хабарлады Алматы ТЖД өкілдері.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек