Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде Қытай аумағында тағы да жер сілкінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жерасты дүмпуін Астана уақытымен 13:59-да тіркеді.
"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,9. Жер сілкінісінің магнитудасы - 4,6", - делінген хабарламада.
41 минуттан кейін дәл осы ауданда 4,2 балдық жер сілкінісі болды.
Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілгені туралы мәлімет жоқ.
Еске салайық, 22 ақпан түнгі сағат 00:26 кезінде Алматы тұрғындары 2 балл көлемінде жер сілкінісін сезген еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!