Қытайда тағы да жер сілкінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сейсмикалық станциялар желісі жерасты дүмпулерін 5 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 09:18-де тіркеді.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 253 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,9. Жер сілкінісінің магнитудасы - 4,3", - делінген хабарламада.
Қазақстан аумағында сезілгені туралы мәлімет жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдан бірнеше шақырым жерде жер сілкінісі болғаны хабарланған еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!