13 қазанға қараған түні Алматы облысы Қарасай ауданы Жалпақсай ауылында ВАЗ және Hyundai Grandeur көліктері жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға салдарынан қаза тапқандар бар.
Алматы облысы Полиция департаменті мәліметінше, оқиға шамамен 00:30-да болған. Алдын ала болжам бойынша ВАЗ жүргізушісі Hyundai көлігіне жол бермеген.
"Жол апаты салдарынан ВАЗ көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Екінші көліктің жүргізушісі түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілді", - деді Алматы облысы ПД өкілі.
Ал әлеуметтік желілерде Hyundai Grandeur көлігін 13 жастағы жасөспірім тізгіндегені туралы ақпарат тарады. Алайда полиция бұл деректі әзірге растаған жоқ.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!