Қазақстандық сейсмометр станциялары жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 270 шақырым қашықтықта орналасқан.
"ҚР ТЖМ "СБЗҰОҒ" ЖШС сейсмостанциялар желісі 2025 жылдың 1 ақпанында Астана уақытымен сағат 7:05-те жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің координаттары: 41.038 с.е., 78.387 ш.б. Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа 270 шақырым жерде орналасқан", - делінген жер сілкінісі туралы жедел хабарламада.
Қазақстандық Ұлттық деректер орталығының мәліметіне сәйкес, жер сілкінісінің магнитудасы 4.5 болған. Энергетикалық класы - 9.8.
Жерасты дүмпулері сезілмеген.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Шәріпхан