- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жер сілкінісі
Алматы маңында жер сілкінді
Фото:
Коллаж: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев, depositphotos.com
Алматыдан 277 шақырым жерде жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жер сілкінісі 07:34-те тіркелген. Бұл туралы Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу орталығы мәлімдеді.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым жерде орналасқан", - делінген хабарламада.
Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілгені туралы мәліметтер жоқ.
Еске салайық, бұған дейін 18 желтоқсанда Жамбыл облысында жер сілкінісі тіркелген еді. Магнитудасы - 3,6. Энергетикалық класы - 8,5. Тереңдігі - 8 шақырым болған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек