Алматы маңында таңертең жер сілкінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ-ға сілтеме жасап.
ҚР ТЖМ Сейсмологиялық зерттеу институты ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 9 желтоқсанда 08:24-те жер сілкінісін тіркеді.
"Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 742 км жерде орналасқан", - делінген хабарламада.
Жер сілкінісінің есептік қарқындылығы Мақтаарал ауданы Атакент ауылы 2 балл болды.
Зардап шеккендер мен ғимараттардың қирағаны туралы мәлімет түспеген.
Еске салайық, бұған дейін Қырғызстанда жер сілкінісі тіркелгені белгілі болды. Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 05:41-де тіркелген.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!