Алматы маңында жер сілкінді

Алматы маңында жер сілкінді
Фото: Коллаж: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев, depositphotos.com

Алматы маңында таңертең жер сілкінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ-ға сілтеме жасап. 

ҚР ТЖМ Сейсмологиялық зерттеу институты ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 9 желтоқсанда 08:24-те жер сілкінісін тіркеді.

"Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 742 км жерде орналасқан", - делінген хабарламада. 

Жер сілкінісінің есептік қарқындылығы Мақтаарал ауданы Атакент ауылы 2 балл болды.

Зардап шеккендер мен ғимараттардың қирағаны туралы мәлімет түспеген. 

Еске салайық, бұған дейін Қырғызстанда жер сілкінісі тіркелгені белгілі болды. Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша 05:41-де тіркелген. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек