Алматы маңында жеңіл көлік тиеген эвакуатор автобус пен жедел жәрдем көлігін соғып, кейін аударылған

Алматы маңында жеңіл көлік тиеген эвакуатор автобус пен жедел жәрдем көлігін соғып, кейін аударылған
Фото: видеодан алынған кадр

Жеңіл көлікті тиеген эвакуатор автобус пен жедел жәрдем көлігіне соғылып, кейін өзенге қарай аударылып қалған. Оқиға сенбіде, 22 шілде күні түсте Алматы маңындағы Бесағаш ауылында болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға орнынан түсірілген видеоны Instagram-дағы Kris P Almaty парақшасы жариялады. Куәгерлердің айтуынша, оқиға эвакуатор тас жолдан "Табаған" тау шаңғысы курортына түсіп бара жатқанда болған.

"Эвакуатордың жолаушысы зардап шекті. Құтқарушылар өте жылдам әрі жақсы жұмыс істеді, Талғар облысының құтқарушыларына үлкен рақмет", - делінген жазбада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kris P Almaty (@kris__p__almaty)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан