1 қазанда Алматы облысы Іле ауданы Кенен Әзірбаев ауылында үш үй мен оған іргелес қосалқы ғимараттар өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ТЖД мәліметтері бойынша оқиға орнында екі адамның денесі табылған. Тағы бір адам күйікпен ауруханаға жатқызылған.
"Өрт туралы хабарлама кеш түскен, салдарынан өрт шыққан аумақ 448 шаршы метрге дейін ұлғайған. Өрт сөндіру кезінде өртсөндірушілер төрт газ баллонын эвакуациялады", - деп жазылған хабарламада.
ТЖД баспасөз қызметі
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова