Алматыдан 287 шақырым жерде Қытай аумағында жерасты дүмпуі тіркелді. Бұл өткен түнде Қазақстан маңында болған жетінші жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Сейсмикалық сатанциялар желісі 26 қаңтарда Алматы уақыты бойынша сағат 07:55-те жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 287 шақырым жерде Қытай аумағында. MPV магнитудасы - 5,5", - делінген хабарламада.
Қазақстан аумағында сезілгені туралы мәлімет жоқ.
Еске салайық, 26 қаңтарда Алматы уақытымен 2.01-де жер сілкінісі тіркелген еді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 262 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!