Биыл ақпанда Алматы облысында үйге басып кіріп, балаларға шабуыл жасаған ер адамға қатысты үш бап бойынша тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Еске салайық, 16 ақпанда Қазақстанды адамшошырлық оқиға туралы хабар елең еткізді. Алматы облысының Жамбыл ауданында белгісіз ер адам үйге басып кіріп, ондағы төрт балаға шабуыл жасаған. Сосын оларды ұрып-соғып, байлап, тамағына пышақ сұққаны хабарланды. Балалардың айғайына көршілері жүгіріп келген.
Прокуратура мәліметінше, үйге баса-көктеп кірген ер адамға қатысты үш бап бойынша соталды тергеу жүргізілді:
"Зерттеудің қорытындысы бойынша істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберу мәселесі шешіледі", - деп хабарлады Алматы облысының прокуратурасы.
Еске салайық, Алматы облысының Жамбыл ауданында белгісіз біреу кәмелетке толмаған төрт баланы байлап, ұрып, қинап, пышақпен қорқытқан. Бұл дерекке қатысты облыс басшысы Бауыржан Әленов пікір білдірген еді.
Үш ұл бала мен бір қыздың шырылдаған даусын естіген көршілері жүгіріп келіпті. Күдікті сол сәтте қашып үлгерген. Балалардың үлкені 13 жаста. Қалғаны 12, 10 және 8 жаста. Күдікті олардың тамағына пышақ тақап қорқытып, тіпті зорламақ болыпты.
"Педофилдің келгенін көрдік. Көршілермен жабылып жеткенше қашып үлгерді. Есіктен кірген ғой, анасының үйден шығып кеткенін көріп. Ал терезені, балаларды құтқарамыз деп көршілер сындырды", - деді Жадыра Жанабаева.
"Мамасы науқас, ауырам дейді. Күйеуі бар-жоғын білмеймін. Төрт баласы бар. Жас келіншек жоқ қой. Балалары тәртіпті, мамасы ауырса тамағын пісіріп береді. Бәрін істейді. Мамасы қайда болғанын білмеймін. Өзі жақында ауруханадан келді", - деді көршісі Інжу Орынбаева.
Қазір үйдің есігі жабық, терезесінің әйнегі сынған күйі тұр. Көршілерінің айтуынша, бұл отбасы мұнда былтыр жазда көшіп келіпті. Әкесі болмаған. Анасы төрт баланы жалғыз асырайды. Оқиға болған кезде әйел көрші ауылға ыдыс сатуға кетіпті.
Сұмдық жағдайдан кейін балалардың төртеуі де ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер шұғыл медициналық көмек көрсетіп, басы мен бетінен жарақат алған кенже ұлын облыстық балалар ауруханасына жатқызған. Қалғанын амбулаториялық емге жіберген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!