• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақ аукционда сатылды

Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақ аукционда сатылды
Фото: e-auction.e-qazyna.kz

АН-26 техникалық ұшағының сынығы аукционда сатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

e-qazyna.kz сайты мәліметінше, бастапқы бағасы 1 351 494,75 теңге болған. Аукционға қатысу үшін 810 897 теңге кепілдік жарна да төлеу қажет болған.

Сауда қорытындысы бойынша сатып алушы ұшақ сынығын 1 416 200 теңгеге алған. АН-26 ұшағының сынығын сатып алушының аты-жөні белгісіз.

Аукционға сатушы ретінде "Қазарнаулыэкспорт" республикалық мемлекеттік кәсіпорны қатысқан. Ал нысанның баланс иесі - "ҰҚК Авиациялық қызметінің" Авиация басқармасы.

Сатып алушы барлық шығынды өзі көтеруге тиіс, оның ішінде тиеу, өлшеу, сұрыптау, кесу және металл сынықтарын шығару шығындары бар. 

Суреттер: e-qazyna.kz

Ұшақ сынығы Алматы облысы Боралдай ауылында тұр. Құжаттарға сәйкес сатылған ұшақ 1978 жылы шығарылған, оның салмағы – 14,6 тонна.

Еске салайық, 2021 жылғы 13 наурызда Алматы әуежайының маңында ҰҚК Авиациялық қызметінің АН-26 әскери ұшағы апатқа ұшырады. Бортта алты адам болған. Апат салдарынан төрт әскери қызметкер, яғни Досжан Баймұратов, Евгений Васильков, Мұхтар Сағынбаев және Ғабит Барлықбаев қаза тапты.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget