"Алматы-Маңғыстау" пойызымен жарысқа бара жатқан спортшы балалардың ата-аналары пойызда шу шығарып, жылы вагон беруді талап етті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Басылым мәліметінше, кішкентай спортшылар ата-аналарымен бірге Алматыға таэквондодан жарысқа бара жатқан. Вагон ескі, іші суық болғандықтан, ата-аналар шу шығарған. Маңғыстау станциясында пойызды тоқтатқан. Ата-аналар жаңа вагон беруді талап еткен.
"Біз пойызды тоқтаттық. Өйткені балаларымыз отырған вагонда ешқандай жағдай болмады. Жолсеріктің кінәсі жоқ. Біз балалардың денсаулығына алаңдадық. Жарысқа бара жатыр ғой. Содан жаңа вагонды қосып берді", - дейді ата-ана.
Осы оқиғаға байланысты 10 желтоқсанда "Алматы-Маңғыстау" пойызы 1 сағат 35 минутқа кешіккен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!