- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматы "қызыл" аймаққа...
Алматы "қызыл" аймаққа қайта кіруі мүмкін - Тоқаев
Фото:
Әлихан Сариев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы "қызыл" аймаққа қайта кіруі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша коронавирус жұқтырғандар көбейіп келеді. Соңғы екі аптада науқастардың саны 30 пайызға артқан.
Біздің елде де ахуал күрделене түсті. Алматы "қызыл" аймаққа қайта кіруі мүмкін. Негізгі себеп - тұрғындар мен дәрігерлердің қауіпсіздік шараларын сақтамауы.
Мекемеаралық комиссияның жұмысын күшейту қажет. Сондай-ақ, ревакцинация науқанын жандандырған жөн. Бұл жұмыста ешқандай асыра сілтеу болмауы керек. Шағын және орта бизнестің мүддесін ескерген абзал", - деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Е. Төлеш