Алматыда 1976 жылдан бастап пайдалануға берілген құбырды ауыстыру үшін Қожанов көшесіндегі қозғалыс шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
3 шілдеден 15 қыркүйекке дейін Алматы қаласының Бостандық ауданында Радостовец көшесінен Гагарин даңғылына дейін Қожанов көшесі бойынша автокөлік қозғалысы жабылады.
Қозғалыс екі жаққа да жабылады.
"1976 жылдан бастап пайдалануға берілген, осы көшенің астынан өтетін жалпы ұзындығы 1097,5 метр құбырды қайта жаңарту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі. "ТМ1" жылу трассасы жылумен жабдықтауды (ыстық су, жылыту) бөлуді қамтамасыз етеді және "Южная", "Орбита" қазандықтарын өзара байланыстырады. Реконструкция кезінде тұтынушыларға ыстық су беріледі. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз