Алматы көшелерінің бірінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Алматыда бір түнге Марков көшесінің учаскелерінің бірінде қозғалыс шектеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"27 мамырда сағат 21:00-ден бастап 28 мамыр сағат 07:00-ге дейін Алматы Бостандық ауданында Марков көшесінің бойымен Бұқар Жырау желекжолынан бастап Пожарский көшесіне дейін екі бағытта автокөліктер қозғалысы шектеледі", - делінген хабарламада.

 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!